Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ата-анасы автокөлікке қамап кеткен баланы кездейсоқ жандар құтқарып қалды (видео)

Қарағандылық ерлі-зайыптылар аптаған ыстықта кішкентай бүлдіршінді автокөлікке қамап кеткен. Балақайды кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар құтқарып қалды.

bPqrKV5DSj4

Бұл туралы Facebook-те Гуля Багаудинова есімді қолданушы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Оның сөзіне қарағанда, елдің жағасын ұстатқан оқиға Қарағандыдағы «Самал» базары маңында болған.

Баланы көріп қалған кездейсоқ жандар полиция шақыртыпты. Ата-анасы келмей қойғандықтан, полиция автокөлікті ашты. Бүлдіршінге су беріп, ғимараттың ішіне алып кірді.

Айта кетейік, сенбі күні Қарағандыда ауа температурасы +30 градусты құраған.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да университет түлегі ең жас әкім атанды

Шымкент тұрғыны әкесіне тірі арыстанды сыйға тартты

Мас жолаушының кесірінен Анталия-Шымкент ұшағы Ақтауға қонуға мәжбүр болды

Қазақстандықтар күзден бастап Араб Әмірлігіне визасыз бара алады

Талқылау