Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда антибиотик екпесінен кейін екі жасар бала комаға түсті

Қарағандыда салқын тиіп ауырған ұлына өзі екпе жасаған әйел баласын комаға түсіріп алды.

Безымянный

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Баласы ауырған кезде анасы оны дәрігерге қаратпай, ескі тәсіл бойынша өзі емдеуге бел буады. Ол Цеф III антибиотигін сатып алып, ұлына екпе жасаған. Осыдан соң баланың тыныс алуы тоқтап қалады.

Жедел жеткен дәрігер мамандар баланың препараттан анафилактикалық шок алғанын айтады. Осылайша бала клиникалық өлім жағдайына түскен. Олар баланы бірден облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізеді.

“Бастапқыда бала анафилактикалық шокқа ұшырап, сосын клиникалық өлімге тап болған. Бірақ, дәрігерлер қауіпті жағдайдан баланы алып шыға алды. Дегенмен бала әлі ауыр жағдайда комада жатыр. Барлық қажетті емдеу шаралары жасалуда”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Дәрігерлер осы ретте ата-аналарға өз беттерімен ем жасамауға кеңес береді. Әртүрлі препараттар бала организмінде түрлі кері реакция тудыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Дәрігерлер Астанада көлік астына түскен оқушы қыздардың жағдайын айтты

15 жыл бойы төсекке таңылған Алматы облысының тұрғыны халықтан көмек сұрайды

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Талқылау