Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда анасы салған екпеден соң комаға түскен екі жасар бала есін жиды

Қарағандыда жеті күн бойы ес-түссіз жатқан екі жасар сәби есін жиды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

2017091113070947907_666207_view

Бала өзіне салынған екпеден кейін комаға түскен.

“Ол көзін ашты, аздаған оң өзгерістер байқалуда. Алайда әлі де болса балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатады”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қазіргі кезде екі жасар бала жасанды тыныс алу аппаратына жалғанған. Бұл ретте дәрігерлер қазір қиын жағдайды бастан кешіріп отырған баланың анасын сөкпеуді сұрауда. Баланың жазда қолы сынып екі рет операцияны бастан кешірген екен.

Еске салсақ, бала клиникалық өлім жағдайында 3 қыркүйек күні ауруханаға жеткізілген. Оған анасы сатып алған Цеф-3 екпесі үй жағдайында салынған.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Дәрігерлер Астанада көлік астына түскен оқушы қыздардың жағдайын айтты

15 жыл бойы төсекке таңылған Алматы облысының тұрғыны халықтан көмек сұрайды

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Талқылау