Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда анаша ұнтағын сатқан түнгі клуб ди-джейі ұсталды

Қарағанды полицейлері анаша ұнтағын сатты деген күдікпен түнгі клуб ди-джейін ұстады, – деп хабарлайды облыстық ІІД.

скачанные файлы
Қарағанды облысының ІІД қылмыстық топқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлер тез арада іздеу шараларын ұйымдастырып, іздеу барысында 27 жастағы түнгі клуб ди-джейі күдікті деп танылды.

Ұстау барысында “Арлан” арнайы бөлімінің мүшесі сатып алушы ретінде барып, спайс ұнтағын сатып алып тұрған күдіктіні  қолға түсіреді.

Күдіктіден көк түсті ұнтақ пен ақ түсті ұнтаққа ұқсас заттар табылды. Сарапшылардың зерттеуі бойынша ұнтақтардың құрамында жүйкеге әсер етуші пировалеронды заттар бар.

“Сату мақсатында заңсыз наркотикалық заттарды дайындау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау