Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда әлдекімдер иттерді өлтіріп, етін пайдаланғысы келген (видео)

Қарағанды кәсіпкері Андрей Витик өзінің қоймасы алдында белгісіз үш ер адамның иттерін у беріп өлтіріп кеткенін айтады.

IMG-20160314-WA0001

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Барлығы 7 ит өлген. Иттерге кәсіпорынның қызметкерлері қарайтын. Оларға тамақ беріп, екпесін салдырып отырған. Иттер осы кәсіпорынды күзетіп, қорғап жүрген. Бірақ, ешкімге зияны болмапты.

Өткен аптаның сенбісінде ақ «Нива» көлігі аулаға келіп тоқтаған. Көлік ішінен ақ қолғап киген екі ер адам түсіп, әлдебір затты жасырғандай болған. Көліктен үшінші адам түсіп, иттерге қандай да бір жейтін зат лақтырған. Олар ауладағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

Сосын үшеуі көліктеріне отыра сала, ол жерден кетіп қалған. Олар кеткен соң бір сағаттан соң, иттер өліп қалған. Тағы екі иттің денесі табылмапты. Өйткені барлығы 9 ит болған.

«Біздің түсінгеніміздей, олар иттерге у беріп, өздері өлген соң біраз уақыттан кейін қайтып келмекші болған. Иттер өлген кезде аулада айғай-шу болып кетті. Қалған екі иттің денесін таба алмадық. Олар да өлген болуы керек. Тіпті, тамақтың қалдықтарын жеген екі қарға да өліп қалыпты», – дейді Андрей Витик.

Кәсіпкердің айтуынша, иттерін өлтіргендер оны ет ретінде пайдаланғысы келген.

«Иттерді аяп отырмыз. Қанша жылдан бері кәсіпорынды күзетіп келді. Мұнда бөтен адам келмейтін. Тек қызметкерлер мен сатып алушылар, жүк көлігінің жүргізушілері ғана келеді. Бізде ешқанай улы зат жоқ. Жанымызда сүт өімдері бар. Үнемі санитарлық тексерістен өтіп тұрамыз. Шынымды айтсам, иттерді өлтіргендерді біреулердің іздейтініне, оларды жазалайтынына күмәнім бар», – дейді кәсіпкер.

Талқылау