Қарағандыда алаяқ екі таксистке букмекерге ақша салғызып алдап кеткен

Жұма, 22 Шілде , 2016 14:56

Қарағанды қаласында алаяқ екі такси жүргізушісін алдап, әрқайсысынан 10 мың теңге жымқырып әкеткен.

443335345445

Сурет: shelvingsystems.ru 

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Полиция бөліміне такси қызметін көрсететін екі ер адам шағым түсірді. Жалған клиент екеуін де бір сценариймен алдаған. Оларға ер адам хабарласып, такси шақырған және жолдан букмекер шотына 10 мың теңге салуды өтініп, көлік келгенде алып шығатынын айтқан. Такси жүргізушілері өтінішін орындаған, алайда клиент үйінен шықпай, телефонын өшіріп тастаған», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша материалдар ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлімі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктіні табу шараларын жүргізуде және зардап шеккендер саны екеуден де көп болуы мүмкін дейді.

Тәртіп сақшылары азаматтарды мұқият сақ болуға, түрлі айла-әрекетке алданып қалмауға және күдікті жағдайда дереу полиция хабарласуға кеңес береді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда алаяқ ЕВРО-2016 кезінде ірі ұтыс шығарып беремін деп уәде етіп жанкүйерлерді сан соқтырған

Қарағандылық үш жүкті әйел көп ақшаға кенелу үшін алаяқтық әрекет жасаған

Алматыда полицей киімін киіп үш автокөлік иеленген алаяқтар ұсталды

Банк пен зейнетақы қорының атын жамылған алаяқтар пайда болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар