Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 79 жастағы зейнеткер сегізінші қабаттан құлап көз жұмды

Қайғылы жағдай орын алған тұрғын үй Ермекова көшесінде орналасқан. Жергілікті тұрғындар оны «Гармошка» деп атап кеткен. Қарағанды полициясы сегізінші қабаттың биіктігінен құлаған зейнеткерге қатысты тергеу жұмысын бастап кетті.

Қарағандыда 79 жастағы зейнеткер сегізінші қабаттан құлап көз жұмды

Дүйсенбі күні сағат 09: 19-да  жедел жәрдем станциясына зейнеткерге көмек көрсету туралы хабар түскен. Дәрігерлер шақырту ала сала бірден оқиға орнына аттанды. Өкінішке орай, биіктіктен құлаған кезде жарақат алған 79 жастағы ер адам  дәрігерлер келгенге дейін оқиға ордында көз жұмды. Бұл туралы Ekaraganda хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайтыс болған зейнеткердің туыстарының айтуы бойынша, қайғылы оқиға кезінде қарт адам үйінде жалғыз өзі болған. Марқұмның жұбайы дүкенге кеткен болатын. Зейнеткердің бір аяғы болмағандықтан үйде балдақпен жүреді екен. Туыстарының айтуынша, марқұм балконға шыққан кезде тепе-теңдікті жоғалтып құлап кетуі мүмкін.

Қазір бұл оқиға бойынша полиция тергеуді бастап кетті. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындады.

Оқи отырыңыз:

«Теміртау АрселорМиттал» кәсіпорнының қызметкері жұмыс кезінде қайтыс болды

Орал базарындағы контейнерден ер адамның мәйіті табылды

Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

Талқылау