Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 7-сынып оқушысы мектеп директорымен ұрысып, 3-қабаттан секіріп кеткен

23 қаңтар күні Қарағандыдағы №63 мектептің 7 сынып оқушысы өз өзіне қол жұмсамақ болды. Оқиға әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды.

4514fff504b5d28b59b0112b4f1d87e2

Бұл туралы ата-ана Анна Невская Facebook  желісінде жариялады.

Ата-аналардың бірі желіде мектеп оқушысының директормен ұрысынан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болып, үшінші қабаттан секіріп кеткенін жазған.

«Жедел жәрдем қызметі келгенше оқушылар баланың қасында болды. Құлаған бала қалтырап жатқандықтан бәрінің есі шығып, сырт киімдерімен оны жауып қойған», – деп жазады Анна Невская.

Бұл ақпаратты Қарағандының ІІД баспасөз қызметі растады. Бірақ, әзірге ресми түрде ақпарат беруден бас тартты. Тек оқушының аяғы сынып, Мақажанов атындағы ауруханада жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай Астанада Жаңа жыл қарсаңында болған еді. 13 жастағы оқушы қыз 8 қабаттың балконынан секіріп кеткен болатын.

Талқылау