Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 6 сынып оқушысы Абай мен Шәкәрімнің 300-ден астам туындысын жатқа біледі

XVII республикалық Абай оқуларына қатысқан қарағандылықтардың жетістігі жайлы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінде айтты.

20160919161541

«Қарағанды облысынан республикалық жарысқа 6 оқушы қатысты. Олар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай мен Шәкәрім туындыларын оқу байқауы, «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау,  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – жас дарындар байқауы атты үш номинацияда өтті. Қатысушылар өз өлеңдерін де оқыды. Біздің команда жеңіспен оралды», – деп хабарлады басқарма баспасөз қызметі.

Бірінші орынды Бұқар жырау ауданындағы Ростов мектебінің 6 сынып оқушысы Нәзира Медет алды. «Ол Абай мен Шәкәрімнің 327 туындысын жатқа біледі: 203 өлең, 3 поэма, 20 қара  сөзі, Шәкәрімнің 101 өлеңі. Ол әділқазылар алқасын дарынымен, актерлік шеберлігімен таң қалдырды», – деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Талқылау