Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 4 жасар қыз басын балкон торына шығарып, қысылып қалды

Қарағандыда 4 жасар қыз балконның торынан басын  шығарып, қысылып қалған. Бүлдіршін құтқарушылар келгенге дейін, осы жағдайда бір сағат бойы, қиналып тұрған. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қарағандыда 4 жасар қыз басын балкон торына қысып, шығара алмай қалған

«Құтқару қызметіне жексенбі күні сағат 9.00-де қоңырау келіп түсті. Көшеде кетіп бала жатқан жолаушылар қатты жылап тұрған қызды көріп қалған. Олар бүлдіршінге не болғанын түсінгенше бір сағат өткен. Төрт жасар қыз басын балконның торына шығарып, қайта шыға алмай қалған. Ал сол уақытта жетінші, сегізінші қабаттардағы көршілер үйлерінде болмаған. Құтқарушылар қатар орналасқан подъездің балконынан қыз орналасқан балконға жету үшін жеті минуттай уақыт кетті»,- деді жеке құтқару қызметінің өкілі Андрей Фридовский.

Құтқарушылар қыз басын тығып алған балконға жеткеннен кейін, көтергіштің көмегімен металл торды босатып, бүлдіршінді құтқарып алды.

«Бастапқыда, қыз өзі шығуға тырысқан екен. Бірақ, бұдан ештеңе шықпаған. Ол тіпті, балконның торынан өзі шығамын деп, құлағын жырып қанатып алған», – деді құтқару қызметі.

Бүлдіршін басын қысып алған кезде пәтерде анасы болған екен. Алайда, анасы қызының балконға шығып кеткенін байқамаған. Сондай-ақ, келіншек пәтердің кілтін анасы алып кеткендіктен, құтқарушыларға есік аша алмаған.

Тағы да оқыңыз:

Мәдениеттанушы: Өзгелер мазақтап жүрген “Мәмбет” сөзі аяулы пайғамбарымыздың есімі

Қайыршылықпен айналысқан әйел банк есепшотында 1 млн доллар ақша жинаған

Жүрегім ауырды: Ақтөбелік кәсіпкер мүгедек қыздың отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйлады

Талқылау