Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 3 жасар немересін пышақтап өлтірген ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылында болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 3 жасар немересін пышақтап өлтірген ауыл тұрғыны ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Еске салайық, Қарағандыда атасы ұйқы бермеген немересінің бірнеше жерінен пышақ салып алып, салдарынан бала қайтыс болған.

Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға қыркүйектің 29-нан 30-на қараған түні болған. Белгілі болғаны баланың шешесі жалғыз басты ана болғандықтан сәбиін атасы мен әжесінің қарауына берген. Яғни қайтыс болған бала атасы мен әжесінің қолында туғаннан бастап тәрбиеленген. Туған анасы қалаға жұмыс істеуге кеткен.

Прокуратура мәліметінше, қайтыс болған бала тәрбиеленген отбасының жағдайы жақсы болған. Олардың өздерінің шаруа қожалығы бар, бала ештеңеден таршылық көрмеген. Отбасының үлкен балаларының өз үйлері болса, кішілері қалада оқу оқып, жұмыс істеген.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Талқылау