Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 3 балалы жалғызбасты ана баспанасыз қалды

Қарағандыда үш балалы, жалғыз басты әйелдің  баспанасы өртеніп кетті. 20 градус аязда далада қалған отбасының құжаттардан басқа ештеңесі қалмады. Жалғыз басты ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.


Өрт кезінде отбасы мүшелері үйде болған. Олар сағат 21:00 шамасында келесі бөлмеден шығып жатқан түтін иісін сезген. Сөйтсе, кір жуғыш машина жанып жатыр екен.

“Біз үйден жалаң аяқ қашып шықтық. Өйткені қатты қорқынышты болды”, -дейді 8 жасар Соня.

Әйелдің айтуынша, үйден тек құжаттарын алып үлгерген. Қалғанының бәрін өртке жанып, су бүлдіріп тастаған.

Снежана Шевченко үш баласын жалғыз өзі асырап отыр. Өзі екі жұмыста істейді: құрылыста және кафеде ыдыс жуады. Жақында жалақысын алып, несие төлеп, үйге азық-түлік сатып алып қойған екен.

“Жаз болса бір сәрі ғой. Қаңтардың қақаған қысында емес! Күн аязда мұның бәрін қалай істеймін? Жалғыз өзім неге шамам жетеді? Күшім де, жігерім де жетпес. Бәрі жанып кетті. Ештеңе қалмады: аяқ киім де, күрте де. Жылы киіміміз де қалмады”, — дейді әйел.

Өртеніп кеткен үй сақтандырылмаған да екен.

Төтенше жағдайлар департаменті өртке мұржадағы ақау себеп болды дейді.

“Жылыту маусымы кезінде жылу жүйесін мұржаға жиналған түтіндерден тексеріп тұру керек. Сонымен қатар, пеш қабырғасндағы және шатырдағы жиналған түтіндер болса тазалап тұру керек”, -дейді ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Мектеп далада қалған 3 баланы оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге уәде берді. Ал, Снежана балаларымен бірге уақытша құрбысының үйінде тұрады. Қыздарының бірі әжесінің қолында болады.

Отбасыға кез келген көмек қажет. Көмектесетін жандар болса мына нөмңрге хабарласуына болады:

+7-778-00-98-165, Снежана Шевченко.

Тағы оқыңыз:

Қазақ-Қытай шекарасында 100 миллион теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді

Ақорда қақпасын бұзған полицейлер жұмыстан шығарылды

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Мені апай ұрды: Алматы облысындағы балабақшада 3 жасар қыздың басы жарылып, емханаға түсті

 

Талқылау