Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 15 жастағы қызды мектептен қайтар жолда зорлап кеткен

Полиция бөліміне 15 жастағы қыздың ата-анасы болған жайтты баяндай отырып шағым түсірген. Онда мектеп оқушысының сабақтан қайтар уақытын күтіп отырған азамат, оны саябақта ұстап алып арам ойын жүзеге асырған делінген.

педовилл

сурет khabar.kz сайтынан алынды.

Жергілікті тәртіп сақшылары 5 мамыр күні болған істің ізін суытпай оқиғаға күдіктіні жан-жақты іздеуді бастап кеткен. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Шағымданушылардың өтініші бойынша педофилдың фотороботы жасалды. Облыс бойынша ІІД барлық қызметкері осы іспен таныстырылды. 11 мамыр күні қаладағы саябақтардың бірінен 35 жастағы тұрғын күдікті ретінде тұтқынға алынған. Ол өзіне тағылған айыпты бірден мойындаған»,-делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатында.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылған. Қазір  «зорлық жасау»  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Талқылау