Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 11 жасар оқушы қыз іздестіріліп жатыр

Қарағандыда 11 жасар Марина Кудряшова үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған. Оқушы қыздың құрбылары жоқ екен. Ол туыстарының үйіне де бармаған.

Безымянный

Бұл туралы EKaraganda.kz хабарлайды.

Жоғалған қыз үстіне күлгін түсті шолақжең киген. Тізеден төмен шалбары мен түрлі-түсті аяқ киімі болған. Қолында «Тедди аю» ойыншығы болыпты.

Мааринанның айрықша белгілері – шынтағының бірінде және сол жақ бетінде тыртық ізі болған.

«Біз барлық туысымызбен хабарласып көрдік. Маринаның құрбысы да жоқ. Ол адаммен танысуды ауыр қабылдайды», – дейді анасы Ольга Комар.

Қазір Маринаны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оны көрген-білгендер болса, 8 701 618 55 48, 8 (7212) 40-78-70 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Талқылау