Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 10 сағат бойы үйінділер астында жатқан ер адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер Шахан ауылында опырылған көпқабатты үйден 10 сағат бойы 600 тонна үйінділердің астында жатқан ер адамды құтқарып алды. Ер адамды табуға Ника есімді ит көмектескен.

1483355640he1ec_1000x768

Бұл туралы “Хабар” телеарнасының сюжетінде айтылады.

“Опырылған көпқабатты үйде тірі жатқан ер адам жайлы мәлімет болды. Іздестіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына кинология бөліміндегілер де қатысты. Ер адамды алып шығу қиынға соқты. Бірақ қуанышқа қарай, оны алып шыға алдық. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Есін жиды”, – деді Қарағанды қалалық ТЖД басшысының орынбасары Вадим Магамадов.

Осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. “Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады”, – деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Шахтинсктегі опырылып түскен көпқабатты үйдің астынан 9 адамның мәйіті табылғанын, қираған үйдің астынан екі адам аман-сау шығарылғанын хабарлаған едік.

Талқылау