Қарағандыда үш баланың анасы ойынханада 65 мың доллар ұтылды

Дүйсенбі, 8 Тамыз , 2016 14:35

34 жастағы  Валерия Квасина  көлік сатумен айналысатын Асқар сабыровпен бір пәтерде тұрған. Екеуінің таныстығы ер азамат әйелдің көлігін айып тұрағынан шығарып берген сәттен басталған.

әйел-казино

Бұл туралы “Криминальные новости” сайты жазды.

Сөз арасында кәсіпкер өзіне қалталы азаматтың «Мерседес-Бенц» көлігі үшін қомақты қаржы ұсынып жатқанын, бірақ ондай көліктің өңірде жоқ екенін айтып қалады.

Осы кезде келіншек ағасы Мәскеуде тұратынын айтып, оған көмектесе алатынын жеткізген.

Дегенмен әйелдің ағасы Мәскеуде бұрында тұрған. Қазір Алматыда екен. Бірақ, Асқар келіншектің сөзіне сеніп қалады. Оның үстіне өзі жасаған жақсылыққа алғыс айтып жүрген келіншектен ешқандай да жаман дүние күтпейді. Әрі оның құмар ойындарына тәуелді екенін де білмеген.

Кәсіпкер таныс әйеліне еш артық ойсыз 65 мың долларды бере салады. Онымен қоймай ешқандай да ақшаны алғаны жайлы қол хат сұрамаған.

«Мен Валерияға сендім. Ақшаны алған кезде «бір айдан кейін көлік Қарағандыға жетеді» деп күлімсіреп қояберді. Міне содан жарты жыл өтті. Оны мүлде таппай қалдым»,-дейді кәсіпкер.

Әйел бұл уақытта  Қарағанды-Алматы бағыты бойынша ұшып-қонып жүріпті. Оны тіпті Қапшағайдағы ойынхана қызметкерлері де жақсы танып алған екен.

«Ол келіншек алғаш рет біздің ойынханаға екі жарым жыл бұрын келген. Ол өзін қарағандылық Людмила деп таныстырды. Біз оның келетінін алдын ала біліп, әуежайға көлік жіберетінбіз. Біздің ойынханаға кірудің өзі 500 АҚШ доллары тұрады»,-дейді қызметкерлердің бірі.

Әйел ойынханада бірде ұтып, бірде ұтылып өзін тоқтата алмай қалған. Ал оның уәдесін күтуден жалыққан көршісі ақыры болмағаннан кейін полицияға шағым түсірген.

Сот басталған кезде ғана есін жиған келіншек ортаға үш баласын салған. Ең кішісі үш жаста екен. Әрі өзі қатерлі ісік дертіне шалдыққан.

«2016 жылдың соңына дейін бар қарызымды қайтарамын» деген келіншек оның бар мәселесін ескере отырып, бес жылдық жазасын өтеуді кейінге шегерді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар