Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды зообағының экс-директоры пониді сатқаны үшін сотталды

Қарағанды зообағының бұрынғы директоры Абылай Шуланбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Оны Оңтүстік Қазақстандағы циркке пони сатты деп айыптаған.

37_big

Сурет wikimapia.org

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Сатылым ресми түрде рәсімделмеген. Түскен қаражат мекеменің қазынасына емес, жеке қалтаға түсіпті. Бұл жүргізілген тергеудің арқасында белгілі болды.

“Сот айыпталушыны ҚР ҚК 307 “қызмет бабын асыра пайдалану” бабы бойынша кінәлі деп тапты. Бірақ мерзімнің бұрын өтіп кетуіне байланысты жазадан босатылады”, – деді судья Бақыт Ахметова.

Сотта сатылымының 2014 жылы 10 маусымда жасалғаны айтылды. Қылмыс жасалған уақыттан бері екі жыл өтіп кеткен.

Зообақтың бұрынғы директоры болса үкіммен түбегейлі келіспейтінін айтты. Ол пониді өзінің жеке мақсаты үшін сатып алдым дейді. Кейінірек пони туып, оның құлындары да сатылған.

Абылай Шуланбаев зообақты 2006-2014 жылдар аралығында басқарған. Зообақты прокуратура тексергеннен кейін жіберілген қателіктер үшін мекеменің 16 қызметкері де тәртіптік жауапқа тартылған.

Оқи отырыңыздар:

Қарағанды зообағының директоры маймылды сатып жіберді деп айыпталды

Қарағандыда зообақ қызметкерлері контейнерлерде жұмыс істеуде 

Талқылау