Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды зообағының директоры маймылды сатып жіберді деп айыпталды

Қарағанды зообағының бұрынғы директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деп айып тағылған. Коррупциямен күрес Ұлттық бюросы департаментінің мәліметінше, Абылай Шуланбаев жануарларды өз бетінше сатып әрі ауыстырып отырған.

0_10894c_42dedabf_orig

Сурет altapress.ru

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Ал негізінде барлық сатылымдар әкімдікпен келісіліп барып шешілуі тиіс. Ал ол тибет қодасын (285 мың теңге), жылқыны (302,3 мың) және макака тұқымдас маймылды сатып жіберген. Сондай-ақ 53 мың тұратын аққуды қолтырауынға айырбастаған.

Абылай Шуланбаевтың адвокаты директордың еш кінәсі жоқ екенін айтты. Жануарларды сату мен ауыстыру мәселесін ешкім ешқашан жалғыз шеше алмаған. Бұл әркез зоологиялық кеңес арқылы жүзеге асқан. Сондай-ақ, барлық түскен табыс зообақтың банк карточкасына түсіп отырған.

Әзірге бұл жағдайға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау