Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды түрмесінде азап көрген жігіт мүгедек болып қалған

Бас прокуратура түрмелердегі азаптаулармен күреспек.  Өйткені елімізде сотталғандарды түрме қызметкерлерінің аяусыз ұрып-соғуы азаяр емес. Істі болып изоляторға жабылған күдіктілер де таяққа жығылып жатыр. Арасында мүгедек боп қалғандары да бар. Ал, абақтыларға жауапты Ішкі Істер министрлігі жазасын өтеушілерді озбырлықтан қорғаудың орнына қорлаушысына айналып кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.

1473537251_25-de-ani-de-inchisoare-pentru-viol-i-talharie-2

Сым темірлермен қоршалған осындай биік дуалдың артында не болып жатқаны көп аса ашып айтылмайтын. Бірақ темір торға жабылғандардың жәбір көріп жатқанын бүгін Бас прокурордың өзі жасырмай жайып салды.

Түрме қызметкерлерінің осындай озбырлығы бүкіл құқық қорғау жүйесіне кір келтіріп отыр дейді Жақып Асанов.

«Қарағандыда Сенявин деген азаматты азаптағаны соншалық, ол эпилепсияға ұшырап  мүгедек боп қалған. Слекишинаны алайық.  Оны  бүкіл ел біледі. Ақпарат құралдары жарысып тұрып жазды. Тек осы бір факт бүкіл құқық қорғау жүйесіне кір келтірді», – дейдң ҚР бас прокуроры Жақып Асанов.

Одан қалды соңғы 3  жылда жазасын өтеушілерді соққыға жығып, қинағаны үшін жүзге жуық абақты қызметкері істі болған. 400-ден астамы қызметінен қуылыпты. Ал тәртіп орнатуы тиіс Қылмыстық атқару жүйесі кез-келген өзгеріске қарсы. Бастан-аяқ реформа жасауға да құлықсыз. Бір қызығы шикілігі айтылған жиынға Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының  келмеуі Бас прокурордың ашуын туғызды.

«Міне, комитет басшысының жұмысына осыдан-ақ  аңғаруға болады. Қайда ол? Неге келмейді? Қанша жыл айтып келеміз. Арзан тұратын бейнебақылау камераларды орната алмай келесіздер. Ол болмаған соң, тергеушілер сотталушыларды ұрып соғып ойына келгенін істеп жатыр», – дейді Асанов.

Қарамағындағы комитет үшін бүгін Ішкі істер министрінің орынбасарына жауап беруге тура келді. Сотталғандардың жағдайын жақсартып жатырмыз деген Рашид Жақыпов, абақтыларды жөндеуден өткізіп, ас мәзірін де түрлендіріп жатқандарын айтты.

«Кезең-кезеңімен техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп жатырмыз. Алдағы уақытта бейнебақылау жүйесін жетілдіреміз. Әрі Оңтүстік Қазақстанда жақында жаңа түрме салынады. Ол халықаралық талаптарға сай болмақ», – дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

Бұдан бөлек, енді еліміздің барлық уақытша қамау абақтыларында жауап алуға арналған бөлмелер салынады. Әйнекпен ғана қоршалатын кабинада тергеуші мен күдіктінің даусы таспаға жазылмақшы. Бейнекамера да түсіріп тұрады. Сөйтіп Ішкі Істер министрлігі азаматтардан күшпен түсініктеме алып, ұрып соғуды азайтпақ ойда.

Жіберіп алмаңыз:

Сапарбаев мүгедек баласы бар ананың шақыртуымен оның үйіне барды (фото)

Ақтөбеде 34 жастағы келіншек оныншы баласын өмірге әкелді

Қазақстанның ең лас қалалары анықталды

Елімізде қыз алып қашқан азаматтар 12 жылға қамалуы мүмкін

Талқылау