Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны көршісіне шабуылдаған бұзақыны ұстап алды

Қарағанды тұрғыны егде тартқан көршісіне қоқан-лоққы көрсетіп шабуылдаған бұзақыны ұстап алды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 10756595

 13 қаңтар күні Қарағандыдағы 16 ықшам аудандағы пәтерлердің бірінде белгісіз біреу 88 жастағы зейнеткер кісіге жәбір көрсетіп, қол жұмсаған. Ол зейнеткерден өзіне тиесілі барлық затын және ақшасын беруді талап еткен. Алайда сол сәтте қарияның қалтасында ақша болмай шығып, баукеспе сырғасы мен білезігін шешіп алған.
 “Қарт кісінің 33 жастағы көршісі Анатолий Слатинин бұл кезде өз үйінде болған. Анатолидің келіншегі көршілес пәтерден шығып жатқан айқай-шу мен зейнеткердің дауысын естіп күйеуін оятып, пәтерді тексеріп келуін сұрайды”, – делінген хабарламада.
 Анатолий көршісінің есігін ұзақ уақыт қаққанымен, ешкім ашпайды.
“Есікті ешкім аша қоймады. Бірақ, тың-тыңдап тұрып іште бөтен біреудің бар екенін және жайсыз бірдеңенің болып жатқанын сездім. Сосын өз үйіме кіріп кеттім де, есігімнен жәймен көрші жаққа сығалап қарадым. Көрші пәтерден бір кезде бетперде киген ер адам шыға келді, мен ойланып жатпастан оған қарай жүгіріп барып ұстап алдым. Полиция және тергеу тобы келемін дегенше, мен оны жіберген жоқпын”, – дейді Анатолий.

Жүргізілген тергеу зерттеуі нәтижесінде Анатолий өзінің көршісін бұрын сотты болған қаланың 40 жастағы тұрғынынан қорғап қала алды. Ал ұсталған күдіктінің мәселесімен арнайы полиция тобы айналысып, іс сотқа жеткізілмек.

Қарағанды облыстық ІІБ басшысының шешімімен көлік жүргізушісі болып қызмет істейтін, екі баланың әкесі Анатолий Слатининге белсенді азаматтық көзқарасы үшін арнайы алғыс берілді.

 

Талқылау