Қарағанды тұрғыны “Казлотодан” ұтқан 2 миллион теңгесін ала алмай жүр

Сенбі, 29 Сәуір , 2017 19:29

Қарағанды тұрғыны Надежда Чулкова телевизиялық лотереядан 2 333 333 теңге ұтып алған. Ол сатып алған билеттегі екі ойын жолағындағы 30 санның барлығы түгел шығыпты.

La-Loterie-nationale-certifiee-Jeu-responsable

Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлайды.

Республикалық телеарнадан оның ұтысы туралы хабарлаған кезде, өз көзіне өзі сене алмапты. Алайда қуаныш ұзаққа созылмаған: Жеңген ұтыстан оған небәрі 500 мың теңге төлепті. Ал 2016 жылдың 6 наурызынан бері қалған ақшасын ала алатын емес. Наджеданың айтуынша, ол “Евразия бірінші арнасынан” көрсетілетін “Казлото” лотерея билетін сатып алған.

“Ұтысты тексеру үшін келесі күні “Казлото” сайтынан да анықтап қарап, сосын билетті сатып алған жерге хабарластым. Ол жердегі әйел де 2 333 333 теңгелік жеңісті растап, 56-16-56 нөміріне хабарласу керектігімді айтты. Ұлттық лотереяның филиалы Лобода, 46 мекен-жайында орналасқан екен. Ал ол жердегілер алдымен билеттің сараптамадан өтетінін, сосын маған ұтысты төлейтіндерін айтты. Ұтыс әлі күнге дейін толық түскен жоқ, тек 500 мыңын ғана берді”, – дейді қала тұрғыны.

Содан соң Надежда тұтынушылар құқығын қорғайтын “Гарант” ұйымына хабарласыпты. Алайда мәселені олар да шеше алмаған.

“Қазір көрсетілген мекен-жайда ол фирма жоқ. Алматы мен Қарағандыдағы бөлімшелеріне хабарласып едік, бәрі бекер болды. Әрі қарай ол телефондар көтермеді”, – дейді заңгер.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазір “Казлотоның” сайты да жұмыс істемейді.

“Казлото” сайты қазір жоқ. Іздеу жүйесінде екі “т” әрпі бар басқа “Казлотто” деген мекеме шығады”, – дейді “Гарант” өкілдері. Ал енді Надежда Чулкова әділдікті орнату үшін прокуратураға хат жолдапты. Ол бұл жерде алаяқтық пен тұтынушыларды алдау әрекеті орын алмауы тиіс дейді.

Оқи отырыңыз:

Үйін су шайған 10 жасар Махаббатқа бүгін кәсіпкер ағасы пәтер кілтін табыстады (видео)

Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Ораза ұстау кезінде жіберетін 10 қателік

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар