Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны қараусыз қалған балабақшаны қалпына келтіруге тырысып жүр

Қарағанды қаласының тұрғыны қараусыз қалған бала бақшаны қалпына келтіруге барын салуда. Ол тұрғындардан бірнеше қол жинап та үлгерген. Тек аймақтың билік өкілері оның ойын қолдамай отыр.

970337

«Солнышко» балабақшасының ғимараты осыдан 20 жыл бұрын жеке меншікке сатылып кетіпті. Мұнда тұшпара цехі жұмыс істеген. Кейіннен өрт болып, бірнеше қылмыстық істер болды. Ал, аймақ тұрғындары балаларын балабақшаға беруге кезекке тұрады. Аудан бойынша тек 3 балабақша бар. Оның бірі – жекеменшік.

«Мен әкімдікке барудан шаршадым. Олар ұсынысыма еш жауап қатпай отыр. Мен балабақшаны өзім салып, қоқысты өзім шығарам. Тек олар көмектессе болды. 1 маусымға дейін балаларға сыйлық жасау артық бола ма?», – дейді қала тұрғыны Виталий Лашов.

Виталий әкімікке барып, жиналған қолды да көрсеткен. Шенеунік әйел ғимараттың сотқа дейін жеткенін, бірнеше рет банк атында кепілде тұрғанын айтады.

Ғимарат бір жыл бұрын қаланың коммуналдық меншігіне берілген. Келесі жылдан бастап балабақша құрылысына беріледі. Ол үшін бюджеттен 475,5 млн теңге бөлінді.

«Кепілде тұрған барлық банкпен, компаниялармен сот арқылы шештік», – дейді Қарағанды әкімінің орынбасары Ирина Любарская.

Қала бойынша 11 балабақша салу не қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Алайда, оның өзі тұрғындар үшін жеткілісіз болып тұр. Білім басқармасының есебінше, қалада барлығы 33 балабақша салынуы тиіс. Ал, елімізде барлығы 800-ден аса балабақша бар.

Талқылау