Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны екі жасар қызын ыстық ваннада күйдіріп жіберген

Абайсызда екі жасар қызын ыстық суға күйдіріп өлтіріп алған Қарағанды тұрғыны қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

f191148c-f7f8-42bf-907b-3bde98f8c74f

43 жастағы әйел өз кінәсін мойындап, өкінген. Әйелдің оқыс оқиғаны әдейі жасамағанын және оның үшінші топтағы мүгедек екенін ескерген құқық қорғау органы оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдайды. ҚР қылмыстық кодексінің “абайсызда адам өлтіру” бабы бойынша қозғалған іс тоқтатылды.

Қайтыс болған Диана есімді қыз церебралды сал ауруымен ауырған. Қайғылы оқиғаға дейін ол Астанада медициналық орталықта сауықтыру шараларына қатысқан екен.

Қайғылы оқиға 2017 жылы 9 ақпанда Қарағандыдағы Октябрскь ауданында болған. 43 жастағы әйел ваннаны ыстық суға толтырып абайсызда екі жасар қызын соған күйдіріп алады. Нәтижесінде қыз бала қатты күйіктен қайтыс болған.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді

Талқылау