Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды шахтасында күзетші көз жұмды

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада күзет фирмасы қызметкері Александр Мороко көз жұмды.

Фото:© Sputnik / Владимир Вяткин

Ақпаратты Sputnik Қазақстанға кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі технологы растады.

“Александр Мороко “Беркут —7″ күзет агенттігі ЖШС-ның мердігер ұйымында жұмыс істеді. Ол қызметке сағат 9.00-де кіріскен, ал 10.40-та шлагбаумға технологиялық автобус келген. Оған шлагбаумды ешкім ашпаған. Біраз уақыттан кейін жүргізуші қызметкер еденде ес-түзсіз жатқанын көрген. Алғашқы көмекті көрсетуге тырысқанымен нәтиже болмаған”, — деп түсіндірді технолог.

Костенко шахтасы өкілінің айтуынша, 47 жастағы Мороко таңертең дәрігерлік тексерістен өткен, бірақ денсаулығына шағымданбапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамға өкпе артериясының  тромбоэмболиясы деген диагноз қойылды.

 “АрселорМиттал ТемІртау” АҚ-дағы дауға кісі өлімінің ешқандай қатысы жоқ. Қан ұйығы жарылып, әп-сәтте көз жұмған. Полиция келіп, қалай болғанын сұрады”, — деп толықтырды технолог.

Тағы да оқыңыз:

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

Талқылау