Қарағанды полицейлері 16 жыл қашып жүрген қылмыскерді ұстады

Жұма, 18 Наурыз , 2016 18:33

Қарағанды полицейлері Алматыда қарақшылық жасап, адам өлтіргені үшін 16 жыл іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

a27ff45e

Сурет: fxbazooka.com 

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

2000 жылдың қаңтарында Қарағандыдағы жеке фирмаға қарақшылық шабуыл жасалды.  Үш тонаушы күзетшіні байлап, 500 мың теңгеден астам қаражатты қолды еткен. Төрт айдан кейін осы фирмаға қайта қарулы шабуыл жасалды.  Бұл жолы қылмыскерлер 1 млн теңгенің кеңсе техникасын иемденіп кетті. Тонаушылар байлап алып кеткен күзетшіні Саран қаласынан 5 шақырым жердегі көлге батырып жіберген.

«Екі факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті ұсталды, ал басты күдікті құтылып кетті. «Іздеу» шарасы барысында күдіктінің Алматы жүргені анықталды. 2016 жылы  16 наурызда 36 жастағы ер адам ұсталып, қазір Қарағандыға жеткізілді, ол тергеу абақтысына қамалды», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.  

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар