Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының экс-әкімі Әбдішев бостандыққа шықты

Бостандыққа шыққан Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев өтеуге тиіс қалған уақытын тұрғылықты жері бойынша Астана қаласында өткізбек.

11947038

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Коррупция бабы бойынша сотталған Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бүгін таңертең бостандыққа шықты. Қалған уақытыy ол тұрғылықты мекен-жайы бойынша Астана қаласында өткізеді”, – деді оның адвокаты Нұрлан Бекбергенов.

2015 жылы желтоқсан айында коррупция бабы бойынша бес жылға сотталған Бауыржан Әбдішевті босату туралы шешімді Қазыбек би аудандық соты 2016 жылдың 19 мамырында қабылдады.

Экс-әкім 2015 жылы желтоқсан айында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовпен бірге сотталған еді. Ол қызметін асыра пайдалану, кәсіпорындар жұмысына кедергі келтіру және кәсіпке заңсыз араласу айыптары бойынша сотталған еді.

Талқылау