Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықса, дайын қызметке орналаспақ

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықса, қызметі дайын тұр. Әзірге болашақ лауазымы белгісіз, бірақ жұмысты жақындары тауып қойған сияқты.

image101141

Сурет news.caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал экс-әкімнің қалған бір жарым жылын бостандықта өткізуіне мемлекеттік айыптаушылар да қарсы емеспіз дейді. Тек Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішев бастаған тағы бірнеше сотталғандардан 202 миллион теңге өнідіргісі келген қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің шағымы кесірін тигізуі мүмкін.

Сотқа Бауыржан Әбдішев жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінің өкілі де қатысты. Айтуынша, бір жыл жеті ай жиырма бес күнін темір торда өткізген бұрынғы әкім өзін жақсы қырынан танытқан. Бостандықтағы ұйымдастыру қабілеттілігін түрмеде де пайдаланып үлгерген ол концерттік бағдарламаларды өткізуде белсенділік көрсеткен. Тіпті түрме басшылығының көзіне түскен екен. Осы үшін Бауыржан Әбдішев бір марапатқа да ие болған. Сондықтан Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің қалған бір жыл төрт ай бес күнін бостандықта өткізуіне мүмкіндігі көп.

“Бауыржан Әбдішевтің мерзімнен бұрын бостандыққа шығуына заң бойынша да еш кедергі жоқ. ҚР ҚК 72 бабына сәйкес, жазасының жартысын өтеген сотталушы қалған мерзімін бостандықта өткізуге құқылы. Ол жазадан қашпайды. Сондықтан өтінішімізді қанағаттандыруыңызды сұраймыз”, – деді Бауыржан Әбдішевтің қорғаушысы Нұрлан Бекбергенов.

Талқылау