Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі тасқынды көріпкелдерге жорытатын болды

Қарағанды облысының басшылығы қызыл су жүретін көктемгі жағдайды көріпкелдерге жорытатын болды. Сөйтіп, апаттың қайдан және қашан келетінін біліп, сақадай сай отырамыз дейді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков. Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

053012e80acf1580bbddc6ff5ed380ca

Өйткені биыл сел жүретін болса, 40 мыңға жуық тұрғыны бар 160 ауылды басады екен. Төтенше жағдайдар департаментінің осындай есебін естіген облыс әкімі былтырғы қателіктерді қайталамауды қатты тапсырды. Қоймаларға жиналған су қазірдің өзінде далаға жіберіле бастаған.

Алқымға тірелген жерлердің қары күреліп, ақұлпа ерісе ағатын арық, тоғандар да жанталаса жасалып жатыр. Бірақ, облыс әкіміне өңірді қызыл су қашан және қалай басатынын ешкім айта алмады. Сондықтан ол көріпкелдің көмегіне жүгінуді ұсынды.

«Көріпкелдер мен бақсы-балгерлерді шақыртыңдар. Ауа райын болжағыш біреуі бар еді ғой. Неге солардың көмегін пайдаланбасқа? Бұл да бір тәсіл. Жорып беріп ақыл кеңесін айтады»,-деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков

Талқылау