Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі қыс бойы бір күртешені киіп шыққанын айтты

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков журналистердің сауалдарына жауап беру барысында, жеке бюджетінің қалай үнемделетіні туралы да айтып берген.

????????????????????????????????????

Сурет ortcom.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Әрине, үнем жасауға тура келеді. Менің екі ұлым да ер жетіп, қазір өздері ақша тауып жатыр. Бұрын мен көмектескім келіп тырысатын болсам, қазір ондай мүмкіндік жоқ. Егер, мән беріп қарасаңыздар, күзде киген сырт киімімді қыста да киіп жүрмін. Басқа жоқ”, – деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында жасаған брифинг кезінде.

Оның сөзінше, италиялық бренд өнімі болып саналатын сырт киімді, жергілікті универмагтардың бірінен сатып алыпты.

“Келіншегіммен бірге дүкен аралап, қымбат емес арзан киім алуға тырысамын. Түскі ас кезінде де мейрамхана араламай, үйге барып тамақтанамын. Қазір тіпті кешкі ас ішпей жүрмін. Асты тым кеш ішу денсаулыққа пайдалы емес екен”, – дейді аймақ басшысы.

Талқылау