Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі артық жұмыс үшін ешқандай сыйақы алмағанын айтты

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков артық атқарылған жұмыстар үшін ешқандай бонус алмадым деді. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс ауқымына қарай жалақы төлеу қарастырылмаған.

123

Сурет ortcom.kz

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Әкім баспасөз мәслихаты кезінде “100 нақты қадам” ұлт жоспарына тоқталды. 6-шы қадамда мемлекеттік қызметкерлерге ақы төлеу жүйесі бойынша негіздеме көрсетілген деді ол. Әкімдердің қырағылығы көп ретте жекелеген мінездемелер негізінде бағаланады. Мемлекеттік қызметті атқаруы, өмір сүру сапасын көтеу, инвестици тарту деген сияқты. Әкім осы негіздемелер бойынша облыстың республикада қаншалықты деңгейде болатынын және жұмыс сапасына орай жалақысының да қалай өзгеретінін айтып берді.

“Жалақымда ешқандай өзгеріс жоқ. Өйткені бұл жоба әлі дайындалып жатыр. Енді біздің жұмысымыз жеті критери бойынша бағаланбақ. Бұл мәселеге қатысты біз премьер-министрмен меморондумға қол қойдық”, – деді облыс әкімі.

Әкім сондай-ақ, үкіметтің облыс әкімдерінің жұмыстарын салыстыруды жоспарлап отырмағанын айтты. Рейтинг құрылмайды. Енді әкімдер мейлінше жекелеген нәтижелерге қол жеткізуге тырыспақ. Мәселен, өңірлік жалпы өнімді 3 пайызға дейін көтеру деген секілді. Егер, орындай алмаса сыйақыдан қағылмақ.

“Бізді бір-бірімізбен емес, өз-өзімізбен салыстыратын болады. Өзіңе бір міндетті алдың, сосын қарайсың орындадың ба, жоқ па. Егер біз қойылған тапсырманы орындай алсақ онда мен әкім ретінде көтермелеп мотивация береді, ал орындай алмасам керісінше. Бір жылдан соң біз қандай да бір нәтижелер көрсетеміз. Ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша маған ешқандай сыйақы төленген жоқ”, – деді әкім.

Талқылау