Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі ардагерлерге арнап ән шырқады (фото, видео)

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ардагерлер үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өткізді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

ти

Қабылдауға облыс қалалары мен аудандарынан 45 ардагер қатысты.

«Жерлестеріміздің майдандағы ерлігі қазақстандықтардың жүректерінде мәңгі сақталады. Соғыстағы жеңіс – әрбір жауынгердің батырлығы мен ерлігінің нәтижесі. Біздің қасиетті парызымыз – Жеңісті әкелген әрбір ардагердің мұқтаждарын ұмытпау. Бұл талап жергілікті билік органдары үшін іс-қимыл бағдарламасы болып табылады», – деп атап өтті Н.Әбдібеков.

Қабылдау қатысушылары үшін концерт ұйымдастырылды, әрқайсысына сыйлықтар табыс етілді. Облыс әкімі ардагерлер үшін «Землянка» әнін орындады.

прапивамв

Қарағанды облысынан майданға 45 мыңға жуық адам аттанды, 18 мың жауынгер үйлеріне оралмады. 6587 қарағандылық Ұлы Отан соғысының майдандарында ерлік көрсеткені үшін ордендермен және медальдармен марапатталды, 18-і Кеңес Одағының Батыры атанды.

тпиамвсы

Бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының 246 қатысушысы мен мүгедегі, 15 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрып жатыр.

Талқылау