Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі Әлихан Бөкейханның есімімен тұтас бір ауданның атын атауға уәде берді

Алаштың біртуар ұлы Әлихан Бөкейханның атылып, көмілген жерінен бір уыс топырақ туған жерге жетті. Қазақтың талай қайраткері жатқан Ресейдегі бауырластар зиратынан ырым етіп алынған топырақ Әлиханның бабалары жатқан бейітке тасталды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

tgtg

Туған жерінде құлпытас орнатылып, ескерткіш мүсін де ашылды. Осылайша, ЮНЕСКО деңгейінде бекітілген қазақтың нар тұлғасы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық тойы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында басталды.

Әлиханның әкесі жатқан Талдыбейіт Алаш ұлының топыраққа айналған мүрдесін 79 жыл күткен екен. Отаршы езгісінен Алашты арашалау жолында алдымен ақ патшаға, кейін коммунистермен арпалысқан ер қазақ рухына құран бағышталды. Топырақ тасталды. Туған жерінде аты қашалған құлпытас ашылды.

“Әлекең ұлтпен бірге жасайды. Алаштың туы астында күн сөнгенше сөнбейміз деп Алаштың зиялылары айтқандай, Әлекеңнің мұраты қазақпен бірге елдік асқарларға бастай береді”, – деді Еуразия Ұлттық университетінің проректоры Диқан Хамзабекұлы.

Әлиханды егемендік алғалы зерттеп келе жатқан ғалым Сұлтан Хан Аққұлы оның зор мұрасы 15 томға жүк болғанын айтады. Демеушілік үзілмесе алды жарық көре бастаған кітаптардың барлығы да жуырда оқырманға жетпек. Ұлт көсемін зерттеуде әсіресе, Мәскеу мұрағаттарында құпия сақталған құжаттарға қолдың жетуі зор септігін тигізген. Әлихан қазаққа төнген қатерді ашық айтып, кеңестік жүйемен белсене күрескенін жасырмағаны да сол құжаттардың арқасында белгілі болды.

“33 жылғы ашаршылықтан қазақ халқының құрбан болғанын айтқаным рас дейді. Түсінесіз ғой. Ол кезде Әлихан Мәскеуде отырып еліне баруға рұқсат жоқ. Соңғы демі біткенше Кеңес Одағына қарсы күресіп, өзінің қазақ халқының алты Алаш халқының мүддесін қорғауға тырысқан. Сондықтан оны 37 жылы нақақтан нақақ атылып кетті деуге ауыз бармайды”, – дейді Әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы.

Ғалымың айуынша Әлиханды тануда бірді-екілі мақала мен кітапты парақтау аз. Қазағым деп соққан жүрегі тоқтағанша ұлттық мүддені қызғыштай қорыған ерді тануды мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Өткен бір ғасырлық қазақтың тарихы да, тағылымы да сонда.

Алаш ардақтысының 150 жылдығын ұйымдастыруға бюджеттен соқыр тиын бөлмеген. Биліктегілер де тойда төбелерін көрсетті. Қиын қыстау заманда-ақ қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлиханды Алаштың алғашқы көсемі екенін айтқан облыс басшысы сүйінші хабарымен де бөлісті. Халық алдында айтылған сөзден айнып қалмаса, тәуелсіздіктің 25 жылдығында аудандардың біріне Әлихан Бөкейхан есімі берілетін болды.

Оқи отырыңыздар:

Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинаған

Анасы 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен

Талқылау