Қарағанды облысының әкімі халыққа ағылшын тілінде есеп берді

Жұма, 19 Ақпан , 2016 16:20

Халықпен кездесуде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков әдеттегі ресми тілін қойып, ағылшын тілінде есеп берді. Ол үш тілді меңгеріп жүргенін дәлелдегісі келді ме, әйтеуір, елбасының тапсырмасын орындап жатқанына бір мақтанып алды.

11096246

Сурет Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Бұл туралы Stan.kz сайтының Қарағанды облысындағы тілшісі хабарлайды.

Екі жылдан бері су тасқынынан көз ашпай келген Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков: “«Нұрлы жол», «Ақ бұлақ» секілді бағдарламалардың арқасында өңіріміз даму үстінде” деп бастады өзі сөзін. Өндірістік өңірде жыл сайын табиғат апаты болса да, өндірісі өрлеп, 6,8 пайызға артыпты.

«Индустриаландыру картасы аясында 94 жобаның 68-і бірдей жүзеге асты. Нәтижесінде бес мың жаңа жұмыс орындары ашылды»,-  деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Мінберде екі жарым сағат тұрып есеп берген әкім, былтыр аймақта 2580 отбасы баспаналы болғанын айтты. Жетімдер үйіндегі алпыс алты сәби отбасылы болыпты. Ал, ҰБТ 79,6 пайызмен алдыңғы жылдардан алға жылжыдық деп мақтанды. Жастарға ерекше назар аударылып, «Дипломмен ауылға» жобасы да қарқынды жүзеге асып жатқан көрінеді.

Ауылды мекендерге 121 жас маман қызметке кірісіпті. Ал, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында түрлі орталықтар ашылып, ағылшын тілі бойынша да тәлім алатын жастар көп дейді. Облыс тұрғындарының 4 пайызы үш тілді меңгерген деген басшы, өзі де аяқасты өзге тілде есеп бере кетті. Бұнысы қараша халық түсінбесін дегені ме, әлде үйреніп жатқанын дәлелдегісі келгеніме ол жағы беймәлім.

Ал, 2014 жылы Көкпектісі, 2015 жылы елу елді мекені суға кеткен өңір еліміздің бас құтқарушысының қатаң қадағалауында екен. Әдетте халыққа тасқыннан соң төбе көрсететін ҚР ІІМ орынбасары Божко мырза Қарағандыға көктем шықпай екі рет келіп, алдын алу жұмыстарын пысықтап кетіпті.

Басшы биыл елдің тасқын үшін еш алаңдамауын сұрады.
Онлайн режимінде бүкіл аудан қалалардан әкімге қояр сұрақ тоқтамады. Әсіресе, үш айдан бері үйлерінде жылусыз отырған теміртаулықтар артық шығындалып жатырмыз деп шуласты. Ал, бірде бір балабақшасы жоқ жезқазғандықтар «Балапан» бағдарламасы біздің маңаймызға әлі жуымай жатыр деді.

Сонымен, екі жарым сағаттық жиында облыс әкімі нақты үш кісіге уәдесін берді. Біріншісі, Шахтер көшесіндегі ауласын көруге шақырған қала тұрғынына бару, екіншісі – бір жылдан бері тиісті ақшасын ала алмай жүрген регресшілердің жиынына бару. Үшіншісі – Жезқазғанда балабақша ашылса, тұрғындарды арнайы барып құттықтау.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
10 ай 26 күні кері

Өзін ерекше етіп көрсеткісі келген адамның тірлігі гой. Əкім халқына, өз ана тіліне құрметпен қараса екен. Қарағанды обылысында қазақ тілі құлдырап тұр, мешіттерінде уағыз орыс тілінде жүреді, енді ағылшынша айтылытын шығар, балық басынан деген осы шығар бəлкім.

Жұмбақ жан
10 ай 26 күні кері

Енді,дұрыс болды.Қазақ тілін қайтесіңдер орысша ,ағылшынша ,қытайша сөйлесін қазақ тілінің қадірі болған емес!Қара халықтың ақшасы босқа далаға шашылды.Құлақ жоқ ғой,қара халықты тыңдайтын.Аллам жеңілдігін берсін!Дəрежемізді Алла көтерсін!

Жұмбақ жан
10 ай 26 күні кері

Ұят ай. Масқара ғой. Акимдер не боп барады

Жұмбақ жан
10 ай 26 күні кері

Құдай жынды қылмысын. Бұл қанша милярд жеп жатыр екен. Ныгматудлиндардын басына күн туғанда оныда билермиз

Жұмбақ жан
10 ай 27 күні кері

Түсінбейтін халыққа бəрібір деген ғой.Енді қытайша үйреніп болған соң ,есебін сол тілде оқысын.Не істегенін өзі түсінсе бопты əйтеуір.

Жұмбақ жан
10 ай 27 күні кері

Тамаша.тил билген артык етпейди.ел жайына карасам десе.ол типтен керемет болар еди

Жұмбақ жан
10 ай 28 күні кері

енді осы қалып еді

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар