Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жолда қалған 740 адам пойызбен үйлеріне жөнелтілді

Жергілікті атқарушы органдар мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ трассада қалған адамдарды, негізінен Оңтүстік  Қазақстан тұрғындарын тасымалдау ұйымдастырылды. 29 желтоқсанда 740 адам Қарағандыдан шыққан пойыздармен Алматы бағытына қарай жөнелтілді.

20151230100642

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста қалааралық автомобиль және теміржол бойынша қозғалыс шектелді.  Жергілікті атқарушы органдар мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ трассада қалған адамдарды, негізінен Оңтүстік  Қазақстан тұрғындарын тасымалдау ұйымдастырылды. 29 желтоқсанда 740 адам Қарағандыдан шыққан пойыздармен Алматы бағытына қарай жөнелтілді», – делінген хабарламада.

Күннің екінші жартысында трассада қалған азаматтарды автобустармен Қарағандының теміржол вокзалына жеткізді.  Сағат 17.00 «Қарағанды-Шымкент» пойызының қосымша вагондарында 300 адам тасымалданды. Тағы 140 адам сағат 18.12 № 52 «Қарағанды-Алматы» пойызымен Шу стансасына дейін жөнелтілді. Қалған 300 адам сағат 21.10 № 4 «Астана-Алматы-1»  және № 45 «Павлодар-Алматы-2» пойыздары арқылы аттанды.

Талқылау