Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жолда қалған 15 көлік құтқарылды

Қарағанды облысында жаңбыр салдарынан жол жүруге жарамсыз болып, 15 көлік балшықта жүре алмай қалған.

10685631

Бұл туралы ҚР ІІД-нің төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, «Қызылора-Павлодар» (Қызылорда қаласынан Жезқазғанға дейін 12-424 шақырым жерде) жолы жабылған.

1 қаңтардан бері республика бойынша жолда қалған 639 адам құтқарылып, 1273 адам эвакуацияланған.

5 қаңтар күні Ақтөбе облысында Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз жолдары жабылды.

Жылынуға арналған және тамақтану үшін 10 пункт орналастырылды. Қарлы жерлерде құтқару үшін 11 техника құралы дайын тұр. Облыстың Хромтау, Қарғалы аудандарында төтенше жағдайлар болу мүмкін деп күтілуде.

Талқылау