Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жоғалған сегізінші сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысында із-түссіз жоғалып кеткен сегізінші сынып оқушысына іздеу жүргізілуде. Вадим Корженковты іздеу шараларына полицейлер мен еріктілер атсалысып жатыр. Ол 31 наурыз күні үйден шығып кетіп қайта оралмаған.

52_wide

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлайды.

Вадимнің отбасы бұрын Теміртау қаласында тұрып, кейін Қарағандыға көшіп келген. Ата-анасы балаларының оқуын ауыстырмай, ол білім алуды Теміртаудағы мектепте жалғастыра берген. Ол №22 мектептің 8 “а” сынып оқушысы.

“Ұлым үйден 31 наурыз күні шығып кеткен, әлі күнге дейін оралған жоқ. Ол сол күні дос қызымен ұрысып қалып, ұялы телефонын сындырып тастаған. Сондықтан онымен байланыса алмай отырмыз. Полицияға өтініш жаздық, қазір іздеп жатыр. Бірақ, әлі нәтиже жоқ”, – дейді анасы Юлия Николаевна.

Анасының айтуынша, Вадим үнемі үйге уақытында келеді екен. Ол қазір ұлының барлық достарына хабарласқанымен, ешқайсысы ештеңе білмейтін болып шықты. Ол туралы ақпарат әлеуметтік желілерге де таратылды. Мектептегі мұғалімдері жасөспірімнің достары көп емес болған дейді. Тиісінше, ешқандай зиянды әдетке әуестігі жоқ, оқу ордасында тентектігімен де көзге түспеген.

“Екінші сәуірде барлық балалар каникулдан сабаққа қосылды, бірақ арасынан Вадимді байқамадым. Оның досы Вадимді іздеп жатқанын айтқаннан кейін, бірден ата-анасына хабарласып, үйлеріне бардым. Біздер полицияға, қалалық оқу бөліміне хабарласып, олар бізге еріктілер тобын дайындап берді. Ал сыныптастары әлеуметтік желі арқылы табуға тырысып жатыр”, – дейді сынып жетекшісі Татьяна Изюмина.

Сынып жетекшісінің айтуынша, ол Қарағандыдан Теміртауға сағат 16.00 шамасында кеткен және сол күні үйіне бармаған.

“Біз Вадиммен бір партада отырамыз. Оның бұрын-соңды дәл осылай жоғалып кеткенін естімедім. Ол үнемі көңілді жүретін әрі барлығын жақын тартатын. Оны соңғы рет оқу тоқсанының соңында көрдім. Жоғаларынан үш күн бұрын телефонмен де сөйлестік. Жаңа кинолар және каникулдың қалай өткені туралы айттық. Каникулдан соң ол мектепке келмеді. Оның ұрысып қалған қызы біздің сыныпта оқиды, бірақ ол да қазір уайымдап, жылап жүр. Сондықтан оны артық мазалағымыз келмейді”, – дейді досы Иван Чебыкин.

Достары оның баруы мүмкін барлық жерді түгелдей қарап, тінтіп жатыр.

Талқылау