Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жас жігітті ұрып-соққан полиция қызметкерлері қызметінен қуылды

Қарағанды облысында ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлері жұмысынан қуылды. Сонымен қатар Молодежный аулының учаскелік инспекторы да қызметінен алынды.

Қарағанды облысында жас жігітті ұрып-соққан полиция қызметкерлері қызметінен қуылды

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

8 қыркүйекте Молодежный аулында екі полиция қызметкері түнгі ауысымдағы жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан 22 жастағы жігітті ұрып тастаған. Ол дүкенге кіреберісте үш жігітпен қақтығысып қалып, олардың бірі аяғын басып кетеді. Өз кезегінде жас жігіт ескерту жасаған. Сол кезде үшеуі оны жабылып төмпештей жөнеліпті.

Дүкендегі сатушы оқиға орнына полиция шақырған. Алайда келіп жеткен полицей жәбірленушіні қорғаудың орнына, оны ұрып-соққандармен қол алысқан. Жарты сағаттан кейін тәртіп сақшылары кетіп қалған. Ал соққының астында қалған жігіт көлігіне дейін әрең жетіп, жұмысына қайтып барған.

Аталған іс бойынша тергеу жүргізілмегенінен хабардар болған туыстары дабыл қаға бастаған. Шок алған жәбірленуші үйінде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр. Артынша тергеуші оны түсініктемесін қайта жазуға мәжбүрлеген. Онда төбелестің үшінші қатысушысына баса назар аударылған. Белгілі болғандай, ол органдарда жұмыс істемейді.

Қарағанды облыстық ІІД-дегілердің мәліметінше, «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар өзіндік қауіпсіздік басқармасындағылар тексеріс жүргізген. Қызметтік тексеріс нәтижесінде, департамент басшысы Мергенбай Жаппаров төбелеске қатысқан жол-патруль полициясының тергеушісі мен инспекторын қызметінен босатты. Сонымен қатар ауылдың учаскелік инспекторы да әрекетсіздігі үшін қызметінен айырылды. Ал Осакаровск ауданының полиция бөлімінің бірқатар қызметкері мен басшысы қатаң сөгіс алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау