Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында тастап кеткен ата-анасын іздеген жігіт өзін анасындай жақсы көрген әйелдің барын білді

Қарағанды облысының тұрғыны Алексей 20 жылдан бері ата-анасын іздеп келді. Оны туғанда перзентхааға тастап кеткен. Алайда жігіт ол үшін ата-анасына кек сақтамайды.

Бұл оқиға “Жди меня. Казахстан” бағдарламасында айтылды.

Құжатты Алексейдің анасы Наталья, әкесі Николай деп көрсетілген. Анасы одан бас тартып, перзентханаға тастап кеткен. Алайда анасымен бірге босанған Любовь есімді әйел Алексейді бауырына басып, асырап алмақ болады. Оның баласы шетінеп кеткендіктен, Алексейді өз баласындай көреді. Алайда апатқа түсіп, 1-топ мүгедегі болғандықтан оған бала асырауға мүмкін болмайды. Ақыры Алексей балалар үйіне жіберіледі. Әйел Алексейді сыртынан бақылап, қал жағдайын біліп жүреді.

Кейін екінші рет тұрмысқа шығып, екі баланы өмірге әкеледі. Алексейді басқа қалаға ауыстырғандықтан одан хабар-ошар ала алмай қалған. Енді Алексеймен кездескісі келеді. Оны әлі де анасындай жақсы көреді. Бауырына басуға дайын екенін айтады.

Бұл туралы Алексейдің өзі де естіп таңғалды. Өмірінде өзін туған анасындай жақсы көретін әйелдің барын естіді. Бағдарламаға келе алмағанымен алдағы уақытта кездесетін болып шешті.

Ал, құжатында ата-анасы ретінде жалған есім жазылғандықтан, оларды табу қиынға соғады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау