Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында шыныдан жасалған ашық полиция пункттері пайда болады

Қарағанды облысында грузин тәжірибесімен  ашық шыныдан жасалған полиция тірек пунктін салуды шешті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

20161102173823

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев Теміртауға жұмыс сапары барысында бірқатар құқық қорғау нысандарында болды. «2017 жылға арналған бюджетте облыстың ІІД жергілікті полиция қызметін қаржыландыруды 8 есеге көбейту көзделген, оның ішінде қаржы полиция пункттері жөнделіп, көлік т.б. сатып алуға жұмсалады», – деп атап өтті Дүйсебаев.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Грузия тәжірибесін назарға алып, Қарағанды мен Теміртауда шыны тірек пункттерін орнатуды ұсынды. «Бастама полиция қызметінің ашықтығына ықпал етіп, азаматтардың  тәртіп сақшыларының жұмысына сенімін арттырады».

Жіберіп алмаңыз:

БАҚ: Ауыр атлетшілеріміз халықтан кешірім сұрап, сыйға алған қаржыны қайтаруы тиіс

84 жастағы зейнеткер қашып бара жатқан ұрыны шалып құлатты (видео)

Ел арасында бит 500 теңгеден сатылып жатыр

63 жыл түрмеде отырған тұтқын бостандыққа шығудан бас тартты

Талқылау