Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында сәбиін қоқысқа тастаған ана оны өлтіргісі келмегенін айтады

Жас ананың айтуынша, ол сәбиінің аман қалғанын тілеп қоқыс жәшігінің көрінетін жағына қойған. Ол қаласа сәбиін өзге де тәсілдермен өлтіруге болатынын да айтады. Бірақ, ол сәбиіне өлім тілемегендіктен ондай әрекет жасамаған сияқты.

d33974f9-973a-47f4-971e-8ea4271b5b3e

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Жас ананың айтуынша, ол сәбиінің аман қалғанын тілеп қоқыс жәшігінің көрінетін жағына қойған. Ол қаласа сәбиін өзге де тәсілдермен өлтіруге болатынын да айтады. Бірақ, ол сәбиіне өлім тілемегендіктен ондай әрекет жасамаған сияқты. Алайда, сәбидің беті мен аузын неліктен дәретхана қағазымен жапқанын түсіндері алмады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу органы қызға қатысты айыпты қайта қарап, бұл іске қатысты ҚР ҚК «Анасының жаңа туған сәбиін өлімге итермелеу» бабын өзгертті.

Жас ана қазір ауруханада жатыр. Ауруханадан шығарылған соң, қандай жаза қолданылатыны бегілі болады.

Айта кетейік, Қарағанды облысында жергілікті тұрғын 17 мамыр күні қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбиді тауып алған. Ұл бала целофан пакетіне оралып, беті мен аузы дәретхана қағазымен жабылған күйінде табылған. Кейіннен оның 18 жастағы анасы ұсталған еді.

Талқылау