Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында наразылық акциясындағы кеншілер жер бетіне көтерілді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарындағы еңбек дауы шешілді, кеншілердің жалақысы 30%-ға көтеріліп, компанияның көмір департаментінің барлық жұмысшысына біржолғы сыйақы берілетін болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы әкімі, компания басшылығы және кәсіподақтар мен шахтерлер арасындағы келіссөздер оң нәтижемен аяқталды.

Түнгі сағат 01:00-ге қарай компания шахталарында бірде-бір шахтер қалмай, үйлеріне тарасты.

«Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездесуден кейін алдымен «Қазақстан» шахтасының шахтерлері сыртқа шыға бастады.

Олармен бірге «Тентек», «Шахтинск» және Ленин атындағы шахталардың да кеншілері жоғары көтерілді. Түнгі бірге қарай 420 адамның барлығы сыртқы шықты», – дейді Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығының шешімімен көмір департаментінің барлық жұмысшылары айлық жалақы көлемінде біржолғы сыйақы алатын болды.

Шахтерлерге жұмыс беруші кенде істейтін жұмысшылардың барлығының жалақысын 30 пайызға көтеруді ұсынды. Ал көмір кәсіпорындарының жерүсті жұмысшыларының жалақысын арттыру мөлшерін келісім комиссиясы айқындайды.

Шахтинск қаласының прокуроры осы еңбек дауын ұйымдастырғаны үшін қылмыстық қудалаудан босатуға кепілдік берді. Бұдан тыс, прокуратура қажет кезінде осы мәселеде құқықтық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кеншілер жұмыс берушімен келіссөздерді келісім комиссиясының аясында жүргізеді. Оның құрамына бастамашыл топтардың мүшелері, прокуратура қызметкерлері, шахталардың директорлары, сондай-ақ кәсіподақ комитеттерінің, облыс және компания басшылығының өкілдері кіреді.

Оқи отырыңыздар:

Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Ләйлә Сұлтанқызы айына миллиондап ақша табатынын мойындады

Алматыда бар-бар: Еркеге жауап ретінде түсірілген клипке Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім түсті (видео)

 

 

Талқылау