Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген күдікті ұсталды

Қарағанды облысында Теміртау қаласының тұрғынын өлтіріп, артынша оны өртеп жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысының Ішкі істер департаментіне сілтеп.

Қарағанды облысында қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген күдікті ұсталды

«Облыстық ІІД басшылығының жеке бақылауымен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті шараларды қолданды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері  жанжал кезінде жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген 25 жастағы азаматты қолға түсірді. Ұсталған күдікті қылмысын толық мойындады»,- деп хабарлады Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Теміртау қаласында өртелген мәйіттің табылу фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-тармағына «Адам өлтіру» сәйкес алдын ала тергеу басталған. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл іс бойынша тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау