Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында көлік апатынан бес адам қаза тапты

Қарағанды-Балқаш  автожолында жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

20161003200157
Полиция берген мәліметке сүйенсек, жол апаты 27 наурызда Ақсу-Аюлы ауылынан елу шақырымдай жерде болған. Бастапқы деректер бойынша, Audi A80 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке өтіп кетіп, Mercedes Sprinter көлігіне бетпе-бет соғылған.

Жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК  ” Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бабына сәйкес тергеу жүргізілуде.  “Жол апаты салдарынан Audi A80 автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды”, — деп хабарлады Құдияров. Қаза тапқандардың екеуі Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық мүгедек 8 жылын түрмеде төсекке таңулы күйінде өткізген (фото)

Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

Шымкентте кезінде имам болған жігіт бүгінде 100 мың долларлап табыс табуға шақырып жүр

Талқылау