Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында күйдіргі дерті қайта өршіді

Қарағанды облысында күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен үш адамның бірінде осы кеселдің бары расталды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

сібір-жара

Сараптама аурудың сол күні сойылған малдан жұққанын да анықтаған.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада қорасындағы бұқасын сойып етке өткізген ерлі-зайыптылар ауруханаға түскен еді. Кейін ауру белгілері сол малдың етін мүшелеген бір жігіттен де байқалып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Арнайы сараптамадан кейін күйдіргі дертін тек малдың иесі, яғни отағасы ғана жұқтырғаны анықталды.

Ветинскпекция малдың еті, терісі және сойылған жердегі топырақтан алынған сынамаларда күйдіргі дертінің болғанын бүгін растады. Осыған байланысты Ақтоғай ауданындағы сол мал сойылған қыстақ ертеңнен бастап карантинге жабылатын болды.

Оқи отырыңыз:

Күйдіргі жұқтырған малдың еті Астананың базарларына түсуі мүмкін

Қарағандыға барған Мәсімов күйдіргі дертіне тосқауыл қоймаған облыс әкімінің шаңын қақты

Болашақ дәрігер ауруханада тәжірибеден өту барысында Сібір жарасын жұқтырған

Талқылау