Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында ірі жол апаты: 1 адам қаза тауып, 10 адам жарақаттанды

Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург тас жолында үш көлік соқтығысып жол апаты болды. Нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Ұйқылы ояу келе жатрдым. Көзімді аштым – «бах» етті. Болды. Қауіпсіздік белдігін басыма қойдым. Аяғым сынған, қозғалмайды», – дейді апаттан жарақат алған Геннадий Кулешов.

Алдын ала деректер бойынша, апатқа жүргізуші кінәлі болған. Ол жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, BMW автокөлігіне соғылған. Оған Nissan көлігі келіп түйіскен. Жолаушылардың көбіне алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

«BMW автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы ауыр жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды. Қалған жолаушыларға көмек көрсетілді», – дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілі Бақытжан Құдияров.

Қайтыс болған әйелдің күйеуі аудандық ауруханада ауыр хәлде жатыр.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар бала моншаға түсемін деп жазым бола жаздады

Алматы базарында манты сатқан азамат қала орталығынан үлкен мейрамхана ашты

Кореяға олимпиаданы көруге барған отандастарымыз әуежайдың жертөлесінде қамалып отыр

 

 

 

Талқылау