Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында инспекторларға шабуыл жасаған браконьерлердің тұлғасы анықталды

Қарағанды облысында «Охотзоопром» инспекторларына шабуыл жасаған браконьерлердің тұлғасы анықталды. Сонымен қатар зардап шеккендердің бірі көз жұмғандықтан, істі «Кісі өлтіру» бабы бойынша қозғады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағанды облысында инспекторларға шабуыл жасаған браконьерлердің тұлғасы анықталды

«Бұл іс ҚР бас прокурорының және ішкі істер министрінің бақылауына алынды. Бұл істі кім жасаса да, қылмыстық жауапқа тартылып, Қылмыстық кодекске сәйкес барынша ауыр жаза беріледі», – дейді ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин.

Қылмыскерлерді ұстауға көмектесу үшін өңірге ІІМ қызметкерлерінен жасақталған топ аттанды. Әзірге ведомство күдіктілер туралы ештеңе айтпай отыр. Белгілісі, 53 жастағы Ерлан Нұрғалиевтің мүрдесі үйіне жеткізілген. Ол комада есін жимастан қайтыс болған еді.

«Бүгінде бір инспекторға берілетін аумақты мүмкіндігінше қысқарту туралы мәселе шешіліп жатыр», – дейді «Охотзоопром» директорының орынбасары Жанат Таңсықбаева.

Айта кетейік, оқиға 13 қаңтарда Қарағанды облысында болды. “Охотзоопром” кәсіпорнының қызметкерлері өлтірілген сайғақтардың терісін табады. Кейін ісзге түсіп, екі көлікті тоқтатады. Тексеру кезінде браконьерлер олардың өзіне шабуылдайды. Екі ер адам да ауруханаға түсіп, бірнеше сағаттан соң бірі қайтыс болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау