Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында дзюдошы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

Қарағанды облысында полицейлер дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін қолға түсірді. Ол жергілікті букмекерлік кеңселердің бірінде төбелес шығарды деген күдікпен ұсталды.

razbojСурет obk.kz

Күдікті өткен жексенбі күні ұсталған. Оған букмекерлік кеңседе төбелес шығарды және тонау әрекеттерін жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы облысты ІІД хабарлады.

“Дзюдодан әлем чемпионатының күміс медалін иеленген 24 жастағы жігітті жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Астана қаласында ұсталды. Оның 27 жастағы сыбайласы Теміртау қаласында қолға түсті”, – делінген хабарламада.

Екі күдіктіден алынған тергеу бойынша, шудың неден шыққанын, қылмыстың не себепті туындағаны тексеріліп жатыр.

“Шабуылдың негізгі нысаны – букмекерлік кеңселер болған. Бетперде киіп алған күдіктілер қарумен қорқытып адамдарды тонаған. Ақшаларын алғаннан кейін іздерін жасырып отырған”, – дейді ІІД.

Қазіргі кезде ұсталғандар уақытша қамау изоляторында отыр.

Талқылау