Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында бұзақылар қазақ киімін киген қыздың мүсінін тепкілеп, быт-шытын шығарды (видео)

Теміртау қаласында қымбат мүсіндерді сындырып, быт-шытын шығарған екі бұзақының тұлғасы анықталды.

Қарағанды облысында бұзақылар қазақ киімін киген қыздың мүсінінің тепкілеп, быт-шытын шығарды (видео)

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға орнында болғандар жеткіншектердің бұзақылық әрекетін видеоға түсіріп алып, желіде таратып жіберген.

Видеода бұзақының қазақ киімін киген қыздың мүсінін тепкілеп, қолын сындырып тастағаны байқалады. Ал екінші күдіктінің қолына пышақ ұстап тұрғанын аңғаруға болады.

Бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, қаланың гүлзарына орнатылған мүсіндердің быт-шытын шығарған екі күдіктінің тұлғасы анықталған.

Полиция мәліметінше, «Біреудің мүлкін қасақана бұзу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге айыппұл салынатын болады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Темиртау | Казахстан Welcome (@temirtau.times)

«Тексеру барысында Теміртау қаласының кәмелетке толмаған екі тұрғынын анықтадық. Көп шығын келтірген. Оның нақты мөлшері анықталып жатыр», – дейді Теміртау қаласы ІІБ басшысының бірінші орынбасары Дәурен Кәріпбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау