Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында бір мезетте 17 көлік соғылып, ірі жол көлік апаты болды

Қарағанды облысында бір мезетте он жеті көлік соғылып, ірі жол көлік апаты болды. Қарағанды-Теміртау тас жолының бойындағы қатты көктайғақтан көліктер дер кезінде тоқтай алмай, бір-біріне соғылған. Бұған қарлы боран мен жолды жапқан тұман да кері әсерін тигізген.

maxresdefault

Сурет: www.youtube.com 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал көліктеріне өзге машиналардың  соғылып жатқанын көре тұра, ештеңе істей алмаған жүргізушілер мен жолаушылардың арасында қатты жараланғандар жоқ.

Ұйытқып соққан қарлы боран мен көктайғақтан он жеті көлік  бір мезетте соғылған жол апаты “Қарағанды-Теміртау” тас жолының бойында болған. Мұз қатқан жолда дер кезінде тоқтай алмаған темір тұлпарлар бір-біріне соғылып, кейбірі тіпті жол жиегіне шығып кеткен. Апатқа түскен көліктердің ішінде автобус та бар. «Әп-сәтте болған апатқа куәгер болған жолаушылар мен жүргізушілер тұманнан түк көрінбеді», – дейді.

“Бүгінгі таңда материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.  Тергеу амалдары жүргізілуде.  Алдын ала болжам бойынша жол көлік оқиғасының болу себебі бұрқасыннан, жолдың көрінбеуінен және тайғақтың салдарынан болған”, – Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Қарағанды облысында қатты жел тұрып, бұрқасын соғуы мен аяқ алып жүре алмайтын көктайғақтан бір күнде 68 адам облыстық жарақат бөліміне түскен. Тіпті олардың көбі жол көлік апаты болған жерден жеткізіліпті. Аймақта толықтай дабылды ескертпе жарияланды.

Ал жүргізушілерге алыс сапарларға шықпауға және жолда абай болу қатаң ескеріліп жатыр.  Алайда құтқарушылар ескертуіне қарамастан, қала ішінде бірнеше көлік апаты болып, өңірде алаңдатарлық жағдай туындаған. Қарағанды-Теміртау  тас жолындағы  он жеті көлік соғылған апаттан зардап шеккендер жоқ.  Бұған дейін Владимир Божко  ауа-райы қолайсыз күндері жолға шыққан жолаушыларға айыппұл салынады деген еді.
Талқылау