Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында балалар күшіктерді өртеп жіберді

Қарағанды облысының Абай қаласында балалар пешке екі күшікті салып өртеп жібеген. Күшіктің бірі сол сәтте өртеніп кеткен. Екіншісін құтқаруға мүмкіндік болды.

Безымянный

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Қазір ол күшікті бей-жай қарамаған тұрғындар өз қаражатына емдеп жатыр. Шери деп атайтын күшіктің төрт табаны да қатты күйіп қалған. Тұмсығын да күйік шалған. Еріктілер күшіктің табаны түгелдей күйіп кеткенін айтады. Күн сайын күшіктің табанына мазь жағып, қайта пантенолмен орап қояды.

Соңғы кездері мұндай жағдай жиі орын алатын болған. Облыста 9 жасар бала екі марғауды өлтіріп тастады. Бүлдіршін мысықтың көзін ойып басын таспен ұрған. Анасы оны осы әрекеті үшін бұрышқа тұрғызып жазалапты.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде үш бойжеткеннің күшікті қорлаған видеосы пайда болды

Күшіктің аузына темір тіреп азаптағандар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Нью-Йоркте белгісіз ер адам мұсылман қызын өртеп жібермек болды (фото)

БҚО-да көңілдесіне ашуланған ер адам өзін өртеп жіберді

Талқылау